Чавушоғлұ S-400 қорғаныс қару жүйелерін түсіндірді

Чавушоғлұ «S-400 қорғаныс қару жүйелерін тек ғана территориямызды қорғау үшін қолданамыз» деді.

928658
Чавушоғлұ S-400 қорғаныс қару жүйелерін түсіндірді

Чавушоғлұ «S-400 қорғаныс қару жүйелерін тек ғана территориямызды қорғау үшін қолданамыз» деді.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Түркияның S-400 қорғаныс қару жүйелерін НАТО мүшесі емес елдерден сатып алу құқығына ие екенін айтты.

Ресейдің астанасы Мәскеуде Халықаралық Қарым-қатынастар Университетінде студенттерге конференция берген Чавушоғлұ Түркияның Ресейден S-400 қорғаныс қару жүйелерін сатып алуларына байланысты «Түркия -НАТО мүшесі. Бірақ біз тәуелсіз бір елміз. Одақтастың басқа елдері НАТО тысындағы елдерден қару ала алады. Біз де осы құқыққа және еркіндікке иеміз» деді.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Түркияның S-400 қорғаныс қару жүйелерін Сирия және басқа елдерде қолданбайтынын атап өтті.

S-400 қорғаныс қару жүйелерін тек Түркияның ұлттық қауіпсіздігі үшін алатындарын баяндаған Чавушоғлұ «Бұл жүйелерді Түрік Қарулы Күштерінің Сирияның Африн аймағында жүргізілген Зәйтүн бұтағы операциясы немесе басқа операцияларда қолданбаймыз. Оларды тек ғана территориямызды қорғау үшін қолданамыз» деді.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлұ Мерсинде салынатын Аккую атомдық станциясының іргетасын қалау рәсімінің келесі ай президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен өткізілетінін де білдірді.

Чавушоғлұ Ердоған мен Путиннің рәсімнен кейін астана Анкарада кездесетінін мәлімдеді.


Этикеттер: #НАТО , #Мәскеу , #Ресей

Ұқсас жаңалықтар