БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін сынады

Президент "Түркияның операциялары елдердің шын бейнесін әшкереледі" деді.

923886
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін сынады

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияда қоршау астындағы Шығыс Гутадағы гуманитарлық дағдарысқа шешім таба алмаған БҰҰ-на наразылық білдіріп,  «Әлем 5-тен үлкен» деген сөзін қайталады.

Президент Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде партиясының жиналысына қатысты.

Ердоған осында сөйлеген сөзінде 24 ақпан күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қабылдаған атысты доғары шешімінің орындалмауына және Қауіпсіздік кеңесінің Асад билігінің халықаралық көмектерге кедергі жасауына үнсіз қалуына наразылық білдірді.  Ердоған: «Шығыс Гутадағы оқиғалар адам баласына жараса ма? БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде шешім қабылданады. Батсын ондай шешім.  Орындалмайтын шешімнің адам баласы үшін не мағынасы болады? сендер адамдарды алдап отырсыңдар. Біз «әлем 5-тен үлкен» деп босына айтпаймыз» деді.

Ердоған сонымен бірге Түркияның шекара тысындағы операцияларының көптеген елдің шын бейнесін әшкерелегенін атап көрсетті.  «Америка Құрама Штаттарында тұратын бір кісі мемлекетінің мыңдаған километр қашықтықта жүргізген операцияларын өз қауіпсіздігі үшін деп санайды.  Түркия әрекет бастаса,  басқа бір көрініс шығады» деді ол.

Президент Ердоған: «Түркияның Афринде,  Әл Баб, Сирия шекарасында не істегісі келетінін халқымыз бен достарымыз жақсы біледі.  Террорлық ұйымдарға қолдау беріп отырғандар да мұны жақсы түсінеді» деді.

Сирияның солтүстігінде террорлық элементтер мен террорлық құрылымдарға рұқсат бермейтіндерін атап көрсеткен Ердоған: «Еліміздің шекарасы бойында құруға тырысқан террор дәлізінің бір ғана мақсаты болады: ол да Түркия. Афринде құрылған бекіністер,  барлық тұзақтар, қарулардың оқпаны өкінішке орай елімізге қарай бағытталған» деді.

Ердоған Еуропа елдерінің босқындарға деген ұстанымын да сынады.  «Еуропа елдерінің қауіпсіздік жасақтары босқындардың үрлемелі қайықтарын тесіп,  олардың теңізде тұншығуына себеп болуда.  Біз болса әрбір жазықсыз адамның жанын құтқарып қалуға тырысудамыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар