Өзін басқаратын көліктер- түрік армиясында

Өзін басқаратын құрлық көліктері İKA Түрік Қарулы күштерінің инвентарына қосылады.

916724
Өзін басқаратын көліктер- түрік армиясында

Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі жаңалықтарына тағы бірі қосылды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның «өзін басқаратын танктар керек» деген сөзіне орай Қорғаныс өнеркәсібі кеңесі қозғалысқа өтті.

Пилотсыз ұшу аппараттарынан кейін бұл жолы өзін басқаратын құрлық көліктері İKA да Түрік Қарулы күштерінің инвентарына қосылады.

Қорғаныс өнеркәсібі кеңесшісі Исмаил Демир Түрік Қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағында PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ террорлық ұйымдарының содырларын жою, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлымдықтан құтқару үшін 20 қаңтар басталған Зәйтүн бұтағы операциясында қолдану мақсатымен 20-дан көп өзін басқаратын көліктердің армияға тапсырылатынын айтты.

Өзін басқаратын құрлық көліктері қысқа уақытта Сирияның Африн аймағына жолданып,  Зәйтүн бұтағы операциясына қосылады.

Өзін басқаратын әскери көліктер барлауда,  топыраққа көмілген мина немесе алыстан басқарылатын жарылғыштарды анықтап, жою және электроникалық соғыс секілді көптеген міндетте қолданылады.



Ұқсас жаңалықтар