Түрік әскері тойтарыс берді, Алепподан шегінді

Баспасөз хатшысы Калын баспасөз мәслихатын ұйымдастырып,  журналистердің сұрақтарына жауап берді.

915106
Түрік әскері тойтарыс берді,  Алепподан шегінді

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын кеше Сирияның Африн аймағына кіруге тырысқан Асад әкімшілігін жақтайтын террористтік топтардың түрік әскерінің тойтарыс беруімен Алепподан шегінгенін айтты.

Баспасөз хатшысы Калын баспасөз мәслихатын ұйымдастырып,  журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ибрахим Калын: «Асад әкімшілігі мен террорлық ұйым PYD/YPG арасында келісім жасалды деген хабарлар шықты.  Алеппо жақтан келіп,  Африннің оңтүстігінен кіруге тырысқан 40-50 көліктен тұратын конвойды байқадық. Түрік артиллериясы атқылауын бастағаннан кейін шегінді. Арада келісім болса да, Түркия ретінде біз Зәйтүн бұтағы операциясын жалғастырамыз» деді.

Калын Зәйтүн бұтағы операциясынан бұрын келген ақпарлар мен жаңадан жеткен мәліметтердің террористтердің Афринді террор орталығына айналдыруға тырысқанын растағанын атап көрсетті.

«Дамаскімен тікелей байланыс жөніндегі» Ресейдің ұсынысы туралы бір сұраққа орай Калын: «Біздің Дамаск әкімшілігімен тікелей байланысымыз жоқ.  Қақтығыстарды бәсеңдету аймақтарын қалыптастыру үшін Астана процесінде құрылған механизм бар.  Біз осында Ресей мен Иран арқылы Дамаскіге айтатындарымызды жеткізіп отырмыз. Бірақ төтенше жағдай болып,  қажет болса проблемаларды шешу үшін Ұлттық Барлау ұйымы байланысқа өтуі мүмкін» дп жауап берді.

Түркия мен Америка Құрама Штаттары қарым-қатынастарына да тоқталған Ибрахим Калын «АҚШ-тың террорлық ұйымға беріп отырған қолдауын тоқтатуы,  Манбиджтен террористтерді шығаруы керек. Террорлық ұйыммен ынтымақтастығын доғаруы қажет. АҚШ президенті Дональд Трамп үкіметі нақты қадам басады деп күтеміз. Фетуллахшы террор ұйымы тақырыбында да айқын қадам күтіп отырмыз. Сот тарапынан ұсталу үшін үкім берілген кісілердің Түркияға қайтарылуы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар