"Кейбір проблемалар шешілді"
Премьер-министр Германиямен қарым-қатынастарда кейбір проблемалардың шешілгенін айтты.

Премьер-министр Бинали Йылдырым Германиямен қарым-қатынастарда кейбір проблемалардың шешілгенін айтты.
Мюнхен Қауіпсіздік конференциясы үшін Германияда жүрген премьер-министр Йылдырым Түркияда тұтқындаулы «Die Welt» тілшісі Дениз Юджел еркін жіберілгеннен кейін мәлімдеме жасады.
Германия мен Түркия қарым-қатынастарында жақсару бар екенін білдірген Йылдырым: «Германия мен Түркия қарым-қатынастарында болған кейбір проблемалар бүгін шешілген секілді көрінеді. Одан да жақсы болады деп тілейміз. Бұдан былай қарым-қатынастарды жетілдіретін қадамдар басамыз. Біз бірлікті, ынтымақтастықты бұзуға бағытталған істерге рұқсат берілмеуін, террорлық ұйымдарға қолдау көрсетілмеуін күтеміз» деді.
Ұқсас жаңалықтар

Түркияда бір тәулікте вирустан 167 адам қайтыс болды
Эпидемия басталған күннен бері қайтыс болғандар саны 24 мың 328 кісіге көбейді.

Министр Акар мен генерал Гүлердің Ирак сапары ел баспасөзінде кең орын алды
Хулуси Акар мен Яшар Гүлердің Бағдатқа ұйымдастырған сапары назар аударды.