Түрік конвойы Идлиб аймағына жетті

Астана келісімдері бойынша Түрік Қарулы Күштері жиыны 12 аймақта бақылау түйін құрады.

907637
Түрік конвойы Идлиб аймағына жетті

Түрік Қарулы Күштеріне тиесілі бір әскери конвойы Астана келісімдері аясында Идлиб аймағына жетті.

Идлибке жолданған танк және сауытты көліктен тұратын әскери конвой Эбу Зухур ауданына қарасты Тель Тукан қалашығында бақылау міндетін атқарады.

Бұл бақылау түйінінің мөлшермен 6 шақырым қашықтығында Башар Асад режимі армиясы жасақтары мен Иран қолдаған топтар бар.

Жаңа бақылау түйіні Түркия-Сирия шекарасынан мөлшермен 50 километр қашықтықта орын алуда.

Астана келісімдері бойынша Түрік Қарулы Күштері жиыны 12 аймақта бақылау түйін құрады. 



Ұқсас жаңалықтар