«Иерусалим 2018 Ислам әлемі жастар астанасы» бағдарламасы

Президент Ердоған «Иерусалим 2018 Ислам әлемі жастар астанасы» бағдарламасы өкілетті кеңесінің құрметті төрағалығына сайланды.

906065
«Иерусалим 2018 Ислам әлемі жастар астанасы» бағдарламасы

Президент Режеп Тайып Ердоған «Иерусалим 2018 Ислам әлемі жастар астанасы» бағдарламасы өкілетті кеңесінің құрметті төрағалығына сайланды.

Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) Халықаралық Ислам конференциясы келіссөз және ынтымақтастық жастар форумы мекемесі іс-шаралары жайлы мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде ИЫҰ-на қарасты орталығы Стамбұлдағы Ислам ынтымақтастық ұйымына (ИЫҰ) қарасты Халықаралық Ислам конференциясы келіссөз және ынтымақтастық жастар форумы мекемесі мен Палестина Жастар спорт министрлігі ортақ ұйымдастырған «Иерусалим 2018 Ислам әлемі жастар астанасы» бағдарламасының ашылу рәсімі Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббастың қонақжайлығымен басталды.

Араларында Жастар және спорт министрі Осман Ашкын Бак және ИЫҰ-на мүше мемлекеттерден 10 министр және 30 елден жоғары деңгейдегі делегация қатысқан бағдарламаның ашылу рәсімінде сөйлеген Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббас мұндай маңызды бір жобаның іске асырылуын қамтамасыз еткен Халықаралық Ислам конференциясы келіссөз және ынтымақтастық жастар форумы мекемесінің қонақжайлығын жасаған Түркияға мен президент Режеп Тайып Ердоғанға алғысын білдірді.

Бағдарлама аясында жүзеге асырылатын жобалардың Палестина жастары үшін маңызды екеніне назар аударған Аббас «Иерусалим мәселесі мұсылман әлемі бас қосқан жалғыз мақсат және Акса мешіті ИЫҰ-ның құрылу негізі. Араб бауырларымыздан бастап, барлық ИЫҰ мүше мемлекеттері мен тиісті мекемелерді Халықаралық Ислам конференциясы келіссөз және ынтымақтастық жастар форумы мекемесі атқарған жобаларға қажетті қолдау мен ерікті ортаға қоюын тілеймін» деді.

Ашылу рәсімінің соңында президент Режеп Тайып Ердоғанның «Иерусалим 2018 Ислам әлемі жастар астанасы» бағдарламасы өкілетті кеңестің құрметті төрағалығына сайланғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар