Зәйтүн бұтағы операциясы жалғасуда

Йылдырым 2-ші армияның Хатайдағы операция орталығын зиярат етті.

903428
Зәйтүн бұтағы операциясы жалғасуда

Йылдырым 2-ші армияның Хатайдағы операция орталығын зиярат етті.

Премьер-министр Бинали Йылдырым Түрік Қарулы Күштерінің Сирияның Африн аймағындағы Зәйтүн бұтағы операциясының жоспарланғандай жалғасқанын айтты.

Йылдырым Зәйтүн бұтағы операциясы аясында 2-ші армияның Хатайдағы операция орталығын зиярат етіп, әскери басшылардан мағлұмат алды.

Премьер-министр Йылдырым Зәйтүн бұтағы операциясын сынға тартқан елдерге үн қатып, «Мазасыздық беретін қауесеттердің ешқандай мағынасы жоқ» деді.

Операция орталығында 2-ші армия қолбасшысы генерал-полковник Исмаил Темел және басқа әскери басшылардан мағлұмат алған премьер-министр Бинали Йылдырымға Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу, Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Ахмет Арслан және Хатай губернаторы Ердал Ата да серік болды. 



Ұқсас жаңалықтар