Президент Ердоған мен Папа Франциск бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған католиктердің рухани басшысы Папа Францискпен Апостол сарайында бас қосты.

903870
Президент Ердоған мен Папа Франциск бас қосты

Ресми сапармен Ватиканға барған президент Режеп Тайып Ердоған католиктердің рухани басшысы Папа Францискпен оңаша кездесті. Кездесу бір сағаттан асты.

Президент Ердоған үшін Апостол сарайы алдында мемлекеттік рәсім ұйымдастырылды.

Президент Режеп Тайып Ердоған мен жұбайы Эмине Ердоған Сан Дамасо қақпасында Ватикан губернаторы архиепископ Джордж Гансвейн тарапынан қарсы алынды.

Қарсы алу рәсімінің артынан президент Ердоған Папа Францискпен оңаша бас қосты.

Папа Апостол сарайының кітапханасындағы оңаша кездесудің алдында қонақтарын сарайдың алдында қарсы алды.

Папа президент Режеп Тайып Ердоғанға сапары үшін алғысын білдірді.

Кейін президент Ердоған мен Папа Франциск баспасөздің алдында қол алысып, кітапханаға өтті.

Журналисттердің қатысуына жабық өткен кездесу  бір сағаттан асты.

Ердоған мен Папа кездесуінде АҚШ әкімшілігіне Иерусалимді Израильдің бас қаласы ретінде қабылдау шешімінің зияны мен іске асырылмауы туралы мәлімдемелерді жалғастырудың маңызына назар аударылды.

Кездесуде Иерусалимнің БҰҰ шешімдері мен халықаралық құқық тарапынан белгіленген ереженің сақталу керектігі атап көрсетілді.

Ердоған мен Папа кездесуінде шетел дұшпандығы және Исламофобиямен ортақ күрес тілге тиек етіліп, діндерді террормен байланыстырудың қателік екені атап көрсетілді.

Президент Ердоған Папа Францискпен жүзеге асқан кездесуі барысында Папаға бұрынғы Стамбұлды бейнелеген 24 бөлшектен тұратын миниатюралық Изник шынысы мен Мәулана танымал шығармасы Месневидің италиян тілі мен ағылшын тіліндегі кітаптарын сыйға тартты.

Папа Франциск болса Ердоғанға бейбітшіліктің символы бір медаль табыс етті.



Ұқсас жаңалықтар