Дублин өкілетті елшілігіне шабуыл әрекеті

Террор ұйымы PYD/PKK жақтаушылары Түркияның Дублин өкілетті елшілігіне шабуыл әрекеті жасады.

897024
Дублин өкілетті елшілігіне шабуыл әрекеті

Кеше болған оқиғада Ирландияның бас қаласы Дублинде Раглан Роадтағы түрік өкілдігіне шамамен 40 адамнан тұратын террор ұйымы жақтаушыларының шабуылға әрекет жасағаны білдірілді.

Ирландиядағы ақпарат көздеріне қарағанда өкілетті елшіліктің ауласына кірген кейбір ұйым мүшелері, елшілік қорғау қызметкерлері тарапынан сыртқа шығарылды.

Террор ұйымының символдарын қолында ұстаған ұйым жақтастары ғимараттың айналасында қысқа уақыт ұран тастады.

Шамамен 45 минутқа жалғасқан оқиға Ирландия полициясының елшілік төңірегінде қосымша шара қабылдауымен аяқталды.



Ұқсас жаңалықтар