Сириядан Түркияға екі снаряд келіп құлады

Оқиғада материалдық шығын қалыптасты.

895375
Сириядан Түркияға екі снаряд келіп құлады
reyhanli roket.jpg

Бөлшектеуші террор ұйымы PYD/PKK террористтері басып алған Сирияның Африн аймағынан Түркияның шекарадағы аудандарына снаряд атылды.

Террористтер жергілікті уақытпен сағат 16.10-да Килис қаласына снаряд атты. Снаряд Ататүрік ауданындағы үш қабатты үйдің төбесіне келіп құлады. Оқиғада ешкім зиян көрген жоқ,  ғимаратта және төңіректегі көліктерде материалдық шығын қалыптасты.

Полиция оқиғаға байланысты тексеру жүргізуде.

Африн аймағынан екінші снаряд Рейханлы ауданына келіп құлады.

Снаряд Мұстафа Кемал ауданындағы үйлердің арасындағы зәйтүн егістігіне дөп келді.



Ұқсас жаңалықтар