Ердоған Макронмен сөйлесті

Екі басшы Сирия тақырыбында көзқарас алмасты.

895639
Ердоған Макронмен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Франция президенті Эммануэль Макронмен телефонда сөйлесті.

Президенттік аппараттың баспасөз қызметінің хабарына қарағанда,  екі басшы Сирия проблемасындағы соңғы жағдай мен Түркияның Афринде бастаған әскери операциясы жөнінде көзқарас алмасты.

Президент Ердоған Түркияның аталмыш операциясын халықаралық құқық негізінде және БҰҰ шартының 51-ші бабына орай және Терроризммен күрес тақырыбындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңес қарарына сай жүзеге асырғанын атап көрсетті.

Президент Макронға операция жөнінде мәлімет берді. Ол халықтың зиян көрмеуі үшін барлық шараны қолданғандарын айтты.

Екі басшы Сирия мәселесінің шешілуіне байланысты алдымыздағы уақытта жақын қатынаста болуға келісті.



Ұқсас жаңалықтар