Президент Ердоған 'Африн операциясы' туралы мәлімдеді

Президент Режеп Тайып Ердоған партиясының Токат қалалық филиалының конгресіне қатысты.

888026
Президент Ердоған 'Африн операциясы' туралы мәлімдеді

Әділет және даму партиясы төрағасы президент Режеп Тайып Ердоған «Африн операциясы» туралы мәлімдеді.

Ердоған «Алдағы уақытта иншалла Евфрат қалқаны операциясымен алғашқы қадамын басқанымыз оңтүстік шекарамызды террордан тазалау операциясын Афринмен жалғастырамыз» деді.

Африн операциясында одақтас елдерден әсіресе де Америка Құрама Штаттарынан күткендері нәрселер бар екенін атап көрсеткен Ердоған «Бұл кезеңде одақтастарымыздан арамыздағы терең ынтымақтастық рухына сәйкес қозғалуын күтеміз. Модельді достық және стратегиялық одақтастық сияқты ұғымдардың қаншалықты шынайы екенін барша көретін болады» деді.

«Стратегиялық ынтымақтастықты дәлелдеудің уақыты келді» деген президент «Біз бәрібір аймақта АҚШ-пен ортақ мүдделеріміз бар екеніне сенеміз және бірге қозғалуды үміт етеміз» деді.

«Біз өздерінен Түркияның заңды талпыныстарына қолдау беруін күтеміз. Біз достарымыздың еліміз үшін осыншама маңызды бір мәселе алдында өздеріне жарасатын бір ұстаным ортаға қоюын күтеміз» деген президент «Африн операциясы кезінде бұл күштердің олармен бірдей сапта болмауын үміт етеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар