"АҚШ-тың террор армиясын дүниеге келмей тұрып қылғындырамыз"

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың террор армиясын дүниеге келмей тұрып жоқ қылатындарын атап көрсетті.

888708
"АҚШ-тың террор армиясын дүниеге келмей тұрып қылғындырамыз"

Анкараның Кахраманказан ауданында электр фабрикасының ашылу рәсімінде үн қатқан Ердоған АҚШ-тың Сирияның солтүстігінде 30 мың адамнан тұратын бір шекара күші құрылатыны туралы мәлімдемесін бағалады.

Террор күшінің Түркияға қауіп төндіргенін атап көрсеткен Ердоған бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Сириядағы тармағы PYD/YPG-нің бақылауындағы террор аймақтарына операция ықтималына назар аударып, Африн мен Мүнбичке операцияға дайын екендерін атап көрсетті.

Әр салада жетілген Түркияның кейбір орталарды мазалағанын және бұл орталардың үздіксіз Түркияға қарсы ұстаныммен қозғалғанын атап айтқан президент Ердоған «АҚШ-тың қолдауын алған PKK/PYD бізді қорқыту мақсатымен сөйлейді. Түркияны өзінің тұзағына тартқысы келеді. Барша келсін, ақыры бәрін жоямыз. Басқа амал жоқ. Гаубицалармен атқылаймыз, операциялар жалғасуда. Өз шешімімізді қабылдадық. Қазірдің өзінде операциялар жалғасуда. Қандай тұзақтар құрса да, біз бәрін жоямыз. 2023 нысанамызға қол жеткізуімізге ешкім кедергі жасай алмайды» деді.

АҚШ-ты террор ұйымына берген қолдауынан бастартуға шақырған президент Ердоған «30 мың адаммен құрған армия сол жерде саған толық мағынада өкілдік жасай алмайды және стратегиялық ортағының алдында да айыпты боласың. Біз барлық одақтастарымызға айтамыз, террористтермен араға кірмеңіз. Қанішерлерге қолдау бермеңіз. Кейін ортаға шығатын жағымсыз жағдайларға біз жауапты болмаймыз. Террор ұйымының базаларындағы жалауларыңызды сіздер өздеріңіз жинаңыз, біз жинап сізге қайтаруға мәжбүр болмайық. Террористермен бірге болғандарды жерлеуге бізді мәжбүрлемеңіз!» деді.

Түркия шекарасында террор армиясы құру үшін табан тіреген АҚШ-тың Түркияны нысанаға алғанын атап көрсеткен президент Ердоған «АҚШ-тың енді сценарийді тастап, шындықты айтатын уақыты келді. АҚШ террор армиясы құратынын жариялады. Біздің міндетіміз бұл террор армиясын дүниеге келмей тұрып қылғындырып тастау. Әйтпесе қаламаған оқиғаларға біз жауапты емеспіз» деді.



Ұқсас жаңалықтар