Президент Ердоған жаңа жыл жолдамасы жариялады

Президент жолдамасында «2018 жылы ел көлемінде және шетелде өте маңызды жаңалықтар бізді күтеді» деді.

879121
Президент Ердоған жаңа жыл жолдамасы жариялады

Президент жолдамасында «2018 жылы ел көлемінде және шетелде өте маңызды жаңалықтар бізді күтеді» деді. Террормен күрестің жалғасатынын атап көрсеткен президент «FETÖ (Фетуллахшы террор ұйымы) мен PKK террор ұйымдарынан бастап, террормен күрес тақырыбында аса маңызды қадамдар басқан 2017 жылы әсіресе экономикалық салада үлкен шабуылдармен бетпе-бет қалдық. Құдайға шүкіршілік ұлтымыздың түсінігі, үкіметіміздің қабілеті және достарымыздың қолдауымен бұл шабуылдардың барлығын тойтардық» деді.

2019 жылы наурыз айында өткізілетін жергілікті сайлаумен қараша айда өткізілетін жалпы халықтық және президенттің сайлаудың Түркияның болашағы тұрғысынан маңызды екенін атап айтқан Ердоған «Бүкіл азаматтарымнан еліміздің және ұлтымыздың болашағы үшін толқыны, нысанасы, жобасы, энергиясы бар кадрларға ие шығуларын, оларға жетекшілік жасауын күтемін. Бұл маңызды кезеңде арандатушылықтарға қарсы абай болуымыз керек, саяси мүдделер үшін біздерді бір-бірімізге қырдыруға тырысқандарға қарсы ешқандай рұқсат бермеуге тиістіміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар