Президент Ердоған Судан Ұлттық Мәжілісіне үн қатты

Судан елбасы Өмер әл-Бешир президент Ердоғанға мемлекеттік орден табыс етті.

874976
Президент Ердоған Судан Ұлттық Мәжілісіне үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбұлда 13 желтоқсан күні болып өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы басшылар саммитінің Ислам әлемі ортақ қозғалғанда қаншама күшті болатынын ортаға қойғанын білдірді.

Ердоған ресми сапармен Суданға барды. Судан елбасы Өмер әл-Беширмен оңаша кездескен Ердоған кейін ортақ баспасөз жиналысы өткізді.

Президент «Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің құрылуы үшін қадам бастық. Алдағы кезеңде көптеген салада егіншілік, энергия, кен, денсаулық сақтау салаларында басылатын қадаммен екі жақты табыс ережесіне сәйкес елдеріміз маңызды жетістіктерге қол жеткізеді. 80 миллиондық Түркияның 30 миллион адам саны бар Суданмен сауда көлемі 500 миллион доллар. Бұл бізге жараспайды. Мұны алғашқы сатыда 10 миллиард долларға жеткізуіміз керек. Суданда жүзеге асатын маңызды жобаларда түрік іскер әлемінің ат салысатынына сенемін» деді.

Мәлімдеменің артынан Судан мемлекет басшысы Әл-Бешир президент Ердоғанға Мемлекеттік орден табыс етті.

Кейін Мәжіліс залына өткен Ердоған судандық депутаттарға үн қатты. Ердоған «Бүгін қайтадан екінші үйіміз Суданға келгеніміз үшін қуаныштымыз» деп сөздерін бастады.

Ердоған Мәжіліс залында «Ешкім бізден Рохинджа мұсылмандарының әлемнің көз алдында қырылуына, Палестина халқының жылдардан бері ұшыраған шабуылдарына, Сирия, Ирак, Йемен және Сомалидегі гуманитарлық дағдарысқа, жағалау елдеріндегі, Чад көлі хауызындағы қиыншылықтарға үнсіз қалуымызды күтпесін» деді.



Ұқсас жаңалықтар