Вице-премьер Лозанна шартын жаңарту тақырыбын түсіндірді

Вице-премьер Хакан Чавушоғлу Лозанна шартын жаңарту тақырыбын ТРТ-ге бағалады.

871570
Вице-премьер Лозанна шартын жаңарту тақырыбын түсіндірді

Вице-премьер Хакан Чавушоғлу Лозанна шартын жаңарту тақырыбын түсіндірді.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның 7-8 қараша күндеріндегі Грекия сапары барысында күн тәртіпке келген 1923 жылы қол қойылған Лозанна шартын жаңарту жөніндегі мәлімдемелерінің жаңғырығы жалғасуда.

Хакан Чавушоғлу Түркия Радио және теледидар мекемесіне (ТРТ) мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде «Президент Ердоғанның Лозанна шартын жаңарту талабымен байланысты мәлімдемесі нақты түрде Грекияның және басқа бір елдің шекара тұтастығына қатысты бір сұраныс емес» деді.

Чавушоғлу «Өкінішке орай Грекия Батыс Фракияда өмір сүрген азсанды қоғамымен байланысты Лозанна шартынан туындаған әсіресе мүфтиліктер, оқу, қорлар және этникалық куәлік тақырыбында құқықтарын беруде табан тірейді» деді.

Чавушоғлу муфтилерді таңдау мәселесінің мұсылман түрік азсандыларды құрметтеу аясында қолға алу керектігін атап көрсетті.

Ердоғанның Лозанна шартын жаңарту сұранысындағы мақсатты грек лауазымдылардың түсінгенін атап көрсеткен Чавушоғлу Грекия премьер-министрі Алекцис Ципрастың мүфтиліктермен байланысты мәлімдемесін болымды бір қадам ретінде бағалағанын жеткізді.

Хакан Чавушоғлу «Грекияның бұл тақырыпта басатын қадамы рақым ету емес. Қазір бұдан кейін грек мекемелері тарапынан басылатын қадамдарды қадағалап, көреміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар