"Палестина мәселесінде жаңа бір кезең басталды"

Вице-премьер Бекир Боздағ Иерусалимнің мәртебесімен байланысты мәлімдеме жасады.

868319
"Палестина мәселесінде жаңа бір кезең басталды"

Вице-премьер Бекир Боздағ Палестина мәселесінде жаңа бір сатыға өтілгенін атап көрсетті.

Боздағ «Кеше Стамбұлда тарихи бір саммит болып өтті. Палестина мәселесінде жаңа бір кезең басталды. Қазірге дейінгі оқиғалар басқаша бір жағдайдың ортаға шығуына жол ашты. Енді астанасы танынған бір Палестина мемлекеті бар. Бұл мемлекеттің және астанасының танылуы үшін нақты шақыру жасалады» деді.

Боздағ Ислам ынтымақтастық ұйымының (ИЫҰ) Шығыс Иерусалимді Палестинаның астанасы ретінде жариялауымен байланысты «Енді Шығыс Иерусалим Палестина мемлекетінің астанасы болып табылады. Бұл саммитке қатысып декларацияға қол қойған елдер толығымен Шығыс Иерусалимнің Палестинаның астанасы екенін қабылдап, жария етті. Бұл Палестина мәселесінде Израиль-Палестина арасындағы дағдарыста тарихи бір тұғыр, тарихи бір шешім» деді.

Вице-премьер Боздағ «Иерусалим мәселесі шешілмейінше Таяу Шығыстағы мәселелердің де шешілмейтіні белгілі. Сол үшін Иерусалимге қарап есеп жасағандар, Иерусалимнің тарихи, халықаралық құқық және келісімдермен белгіленген мәртебені өзгерткісі келгендер, аяқастынан мұны өзгерте алмайтындарын түсінген шығар. Түсінбейтін болса оларға түсіндіретін шаралар не болса әрине оны да Ислам әлемі уақыты келгенде іске қосады» деді.



Ұқсас жаңалықтар