"Шығыс Иерусалимді Палестинаның астанасы ретінде тану керек"

Ислам елдері саммиті қарсаңында Сыртқы істер министрлері бас қосты.

867151
"Шығыс Иерусалимді Палестинаның астанасы ретінде тану керек"

ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу барлық елдердің Шығыс Иерусалимді Палестинаның астанасы ретінде тануы керектігін айтты.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымының кезектен тыс саммиті Түркияда өтіп жатыр.

Саммит ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің жиналысымен басталды.

Жиналыста беташар баяндамасын оқыған Түркия Сыртқы істер министрі: «Шығыс Иерусалимді Палестинаның астанасы ретінде таныған біздер басқа елдерді Палестина мемлекетін 1967 жылғы шекара негізінде, астанасы Шығыс Иерусалим болатындай түрде тануға шақыруымыз керек» деді.

Чавушоғлу Америка Құрама Штаттарының Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде тану шешімінің басқыншылықты заңдастырғанын айтты. «Осы көрініс алдында үнсіз қала алмаймыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар