Әуе операциясында 29 террорист өлтірілді

Түрік қарулы күштеріне тиесілі соғыс ұшақтары Ирактың солтүстігіндегі Метина мен Хакурк аймақтарына әуе операциясы жасады.

866363
Әуе операциясында 29 террорист өлтірілді

Түрік қарулы күштері Ирактың солтүстігіндегі Метина аймағына әуе операциясы жасады.

Шекара желісіндегі қауіпсіздік бөлімшесі мен әскери база аймағына шабуылға дайындалған 12 террорист өлтірілді.

Бас Штаб Басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда Ирактың солтүстігіндегі бөлшектеуші террор ұйымына тиесілі нысаналар жойылды.

Ирактың солтүстігіндегі Метина аймағында шекара желісіндегі қауіпсіздік бөлімшесі мен әскери база аймағына шабуылға дайындалған террористтер анықталды. Аймаққа жасалған әуе операциясында 12 террорист өлтірілді. Террор ұйымы мүшелері тарапынан қолданылған баспана мен үңгірлердің де жойылғаны білдірілді.

Ирактың солтүстігіндегі Хакурк аймағына азанғы уақытта жасалған әуе операциясында болса 17 террорист өлтірілген болатын. Осылайша бір күннің ішінде жасалған әуе операциясында өлтірілген террорист саны 29 болды.



Ұқсас жаңалықтар