Акар бейсенбі күні бірқатар кездесу өткізеді

Бас штаб төрағасы генерал Хулуси Акар бейсенбі күні бірқатар кездесу өткізеді.

866281
Акар бейсенбі күні бірқатар кездесу өткізеді

Бас штаб төрағасы генерал Хулуси Акар бейсенбі күні бірқатар кездесу өткізеді. Генерал Акар Ирак Бас штаб төрағасы генерал Осман Ганими, Америка Құрама Штаттары Еуропа күштері қолбасшысы генерал Керпис Скапарроти  және АҚШ Орталық күштері қолбасшысы Джозеф Вотелді астана Анкарада күтіп алады.

Бас штаб басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда генерал Акардың үй иелігінде ұйымдастырылатын жиналысқа Ирак Бас штаб төрағасы Осман Ганими, Америка Құрама Штаттары Еуропа күштері қолбасшысы генерал Керпис Скапарроти және АҚШ Орталық күштері қолбасшысы Джозеф Вотел қатысады.

Кездесудің Бас штаб басқармасында 14 желтоқсан бейсенбі күні өткізілетін жиналыс қарсаңында жоспарланғаны және жиналыста аймақтағы қауіпсіздік тақырыптардың қолға алынатыны білдірілді. 


Этикеттер: #Ирак , #АҚШ , #Хулуси Акар

Ұқсас жаңалықтар