Түрік қарулы күштері жасақтары Идлибке бағытталды

Түрік қарулы күштері Идлибке бақылау және күзету қызметі үшін 12 бекет құруды жоспарлайды.

850605
Түрік қарулы күштері жасақтары Идлибке бағытталды

Түрік қарулы күштерінің Сирияның Идлиб дағдарысын азайту бағытында аймаққа күзету және бақылау бекеті құру мақсатты бастаған әскери қимылы жалғасуда.

Түрік қарулы күштеріне тиесілі көліктерден тұратын керуен кеше кешкі уақытта Хатайдың Рейханлы ауданының дәл қарсы алдындағы Ках ауылына барып, Идлиб аймағында дағдарысты азайту аймағындағы Халебтің батыс ауылдық аймағында жаңа бақылау аймағына ұласты.

Көптеген сауытты көлік бар керуен Идлиб-Африн желісіне қарай ілгерілеп, күзету қызметі атқарылатын жерге қоныстанады.

Түрік қарулы күштері алғашқы сатыда Сирия-Түркия шекарасында террор ұйымы PKK/PYD басқыншылығы астындағы Африн ауданы маңында қоныстанады.

Сириядағы атысты тоқтатудың қалған кепілдік берген елдері Ресей және Иранмен жасалған Астана келісімі аясында жүзеге асырылған әскери әрекеттілік Идлиб-Африн шекара желісінде жалғасады.

Түрік қарулы күштері 12 аймақта бақылау және күзету қызметі үшін бекет құруды жоспарлайды.



Ұқсас жаңалықтар