СКТР-ның 34 жылдығына орай құттықтау

Түркия премьер-министр құттықтау жариялады.

847924
СКТР-ның 34 жылдығына орай құттықтау

Премьер-министр Бинали Йылдырым Солтүстік Кипр Түрік Республикасының әділ және түбегейлі шешімге бағытталған күресіне бүкіл әлемнің куә болғанын білдірді.

Йылдырым СКТР-ның 34 жылдығына орай құттықтау жариялады.

Премьер-министр құттықтауында қысым мен залымдық алдында текті күресін батылдықпен жүргізген Кипр түріктерінің 1983 жылғы 15 қараша күні Солтүстік Кипр Түрік Республикасын құрып, түрік ұлты үшін мақтаныш болғанын айтты.

Премьер-министр құттықтауында: «Демократиялық құқықтық мемлекет Солтүстік Кипр Түрік Республикасы аралда бейбітшілік пен тұрақтылықты қорғауды мақсат етеді.  Әділ және түбегейлі шешімге бағытталған күресін игі ниет және сабырмен жалғастыруда. Бұған бүкіл әлем куә. Аралдың ортақ иесі болып саналатын кипр түріктерінің тең мәртебесін кепілге алып,  халықаралық қоғаммен интеграциясын қамдайтын бір келісім болатынына кәміл сенеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар