Түркия отандық тұңғыш автокөлік үшін алғашқы қадамды басты

Президент Режеп Тайып Ердоған отандық автокөлікті өндіретін фирмаларды жариялады.

839538
Түркия отандық тұңғыш автокөлік үшін алғашқы қадамды басты

Прототипі 2019 жылы дайын болатын отандық автокөлік үшін тұңғыш қадам басылды.

Президенттік сарайда Түркияның автокөлік ортақ бастама тобын таныту жиналысында сөйлеген президент Ердоған бұл фирмалардың «Anadolu Grup», «BMC», «Kıraça Holding», «Turkcell» және «Zorlu Holding» екенін жариялады.

Ердоған ортақ бастама тобынан дайындық кезеңін жылдам аяқтап, кеш дегенде 2019 жылына дейін автокөліктің прототипін өндіріп, 2021 жылы сауда нарығына шығуын талап етті.

Президент Ердоған «Түркияның бұл жобасының 2023 жылғы нысаналар арасындағы маңызы зор жобалардың бірі деп ойлаймын, бұл жобаның кешіктірілуін қаламаймыз. Нарыққа шығатын тұңғыш автокөлікті ақысын төлеп өзім сатып аламын» деді.

Түркия ғылыми және технологиялық зерттеу мекемесі Түбитак құрамында жұмыстарын жалғастырған платформаның, бастама тобының көмекке дайын екенін атап айтқан Ердоған «Мұның орнына гибрид және электр жүйелі автокөлік өндірісіне бағыт алғылары келсе онда әбден риза боламыз. Шешімдері не болса да, біз өздеріне әртүрлі қолдауды береміз. Тек қана түрік ұлтын бұл үлкен арманына жеткізсін» деді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым да айтқан сөзінде отандық автокөлік жобасының Түркияның экономикалық өсуі тұрғысынан маңызды екенін білдірді.

Баяндамалардың артынан ортақ бастама тобында орын алған 5 фирма келісімге қол қойды.



Ұқсас жаңалықтар