Қоғамға үлгі болған азаматтар шақырылды

29 қазан Республика мерекесіне орай президент Ердоған Президенттік сарайда қабылдау өткізеді.

834149
Қоғамға үлгі болған азаматтар шақырылды

Президент Режеп Тайып Ердоған 29 қазан Республика мерекесіне орай өткізілетін қабылдауда қоғамға үлгі болған азаматтармен бас қосады.

29 қазан Республика мерекесіне орай президент Ердоған Президенттік сарайда қабылдау өткізеді.

Президенттік сарайдың қонақтары арасында еңбектері және өмірдегі хикаяларымен қоғамға үлгі болған азаматтар да бар. Мысалы қабылдауға жаңа төлдеген ешкіні өзі арқалап,  лағын итінің артына байлап жануар орталығына жеткізген 12 жасар Хамду Сена Билгин шақырылды.

Зонгулдактың Килимли ауданына қарасты Гелик ауылында Түркия тас көмірі мекемесінің кәсіпорнында жұмыс істейтін,  жұмыстан қайтарда өздері мінген автобус кірленбесін деп автобуста түрегелік тұрған кеншілер шақырылды.

Сонымен бірге осы кеншілердің қимылына орай бір хат жазған жетімдер үйінің балалары да шақырылған қонақтар арасында.

Қабылдауға ата-анасы жоқ, 41 жасар мүгедек жиені Мурат Мемишті 40 жылдан бері бағып отырған 67 жасар Пакизе Мемиш те шақырылды.

Айырықша тазалық жұмысшысы болып еңбек жолын бастаған,  артынан өз кәсібінің басшысы болған 38 жасар Шехрибан Шахин де қабылдауда болады.



Ұқсас жаңалықтар