TRT World Forum-да босқын балалар талқыланады

Халықаралық форум бүгін басталады.

829199
TRT World Forum-да босқын балалар талқыланады

TRT бас директоры Ибрахим Ерен Еуропада жоғалып кеткен 10 мың босқын балаға байланысты әлеуметтік жауапкершілік жобасын жүзеге асыратындарын мәлімдеді.

Ибрахим Ерен "TRT World Citizen" жобасы арқылы әлемде сананы оятуды мақсат еткендерін айтты.

TRT Haber арнасының тікелей эфиріне қатысқан Ибрахим Ерен аталмыш жобаға байланысты сұрақтарға жауап берді.

TRT World Citizen жобасында бір жыл бойы жоғалып кеткен 10 мың босқын баланы экранда көрсететіндерін білдірген Ерен «айырықша балалардың құқығы жөнінде бір кітапша дайындадық. Кітапшаны бір жыл бойы ағылшын,  неміс, француз, урду,  араб тілдерінде бастырып таратамыз. Еуропа және басқа да елдерде әрі мемлекеттік қызметкерлердің,  әрі балалардың жол көрсетушісі болсын деп дайындадық. TRT World Forum-ның тақырыбы да осы» деді.



Ұқсас жаңалықтар