Түрік әскерлері Идлибте

Түрік Қарулы күштері жасақтары бақылау пункттерін қалыптастыру істерін бастады.

826213
Түрік әскерлері Идлибте

Түрік Қарулы күштері жасақтары кешеден бастап Сирияның Идлиб қаласында бақылау пункттерін қалыптастыру істерін бастады.

Штаб-пәтердің хабарламасында: «Астана үдерісі аясында атысты тоқтату,  бақылау және жалғастыру,  гуманитарлық көмектердің мұқтаж жандарға жеткізілуі және ел-жұртынан көшіп кеткендердің үйлеріне оралуы үшін ыңғайлы шарттарды қамдау мақсатымен Идлиб келіспеушілікті азайту аймағында міндет атқаратын Түрік Қарулы күштері жасақтары 8 қазан күні басталған барлау жұмыстарына сай 12 қазан күнінен бастап бақылау пункттерін қалыптастыру істерін бастады» деп айтылды.

Хабарламада Түрік Қарулы күштерінің аймақтағы міндетін Астана үдерісінде кепілген елдер арасында келісілген қағидалар шеңберінде жалғастырғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар