Түркия мен АҚШ арасындағы дағдарыс ушықпайды
Йылдырым Түркия мен АҚШ арасындағы виза дағдарысының ушықпайтынын айтты.
Йылдырым Түркия мен АҚШ арасындағы виза дағдарысының ушықпайтынын айтты.
Премьер-министр Бинали Йылдырым Түркия мен Америка Құрама Штаттары арасында болған виза дағдарысының ушықпайтынын, байланыс каналдардың ашық болатынын айтты.
Премьер-министр Йылдырым кеше Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде журналисттердің «Дағдарыс тіпті ушыға ма?» деген сұраққа орай «Ушықпайды» деп жауап берді.
Премьер-министр «Байланыс каналдар ашық бола ма?» деген сұраққа «Ашық болады, қатысты қызметкерлер бұл жөнінде жұмыс істеуде» деген түсіндірме жасады.
Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш та журналисттердің сұрақтарына жауап берді. Куртулмуш Сирия дағдарысына шешім табу мақсатымен Астана процесі басталғаннан бері АҚШ-пен болған қарым-қатынастарда бір шиеленіс болғанын еске салып «Мәселені байсалды түрде шешу керек»» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.