Түркия Еуропа Одағы мүшесі болуы керек

Том Зварт «Түркия-Еуропа Одағы келіссөздерінің тез қарқынды түрде жалғасуы керек» деді.

824051
Түркия Еуропа Одағы мүшесі болуы керек

Том Зварт «Түркия-Еуропа Одағы келіссөздерінің тез қарқынды түрде жалғасуы керек» деді.

Голландия өркениеттер арасы адам құқықтары орталығы бас директоры профессор Том Зварт Түркияның Еуропа Одағына ерекше бір құндылық қосатынын және Түркия орын алмаған бір Еуропаның олқы болатынын айтты.

Том Зварт Анадолы агенттігіне Түркия-Еуропа Одағы қарым-қатынастарын түсіндірді.

Түркияның Еуропа Одағына мүшелігінің маңызын баяндаған Зварт «Түркия, әсіресе Президент Режеп Тайып Ердоғанның талпынысымен Еуропа Одағы реформаларында маңызды табыстарға қол жеткізді. Түркияның Еуропа Одағына ерекше бір құндылық қосатынын ойлаймын. Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шығуы Еуропа Одағы үшін Түркияның мүшелігі тіпті де маңызды болды. Түркия орын алмаған бір Еуропа Одағы олқы болады» деді.

Том Зварт «Түркия-Еуропа Одағы келіссөздерінің тез қарқынды түрде жалғасуы керек. Түркия Еуропа Одағы мүшесі болғанда кейбір келісімдер оңай болады» деді. 



Ұқсас жаңалықтар