«Түрік дұшпандарына дауыс бермеңдер!»

Президент Режеп Тайып Ердоған Ангела Меркельдің сөздеріне наразылық көрсетті.

792602
«Түрік дұшпандарына дауыс бермеңдер!»

Президент Режеп Тайып Ердоған Германияда келесі айда өткізілетін жалпы халықтық сайлауда дауыс беретін түрік азаматтарына «Түрік дұшпандарына дауыс бермеңдер!» деп шақыру тастады.

Президент Ердоған жұма намазынан шыққан кезде журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Германия канцлері Ангела Меркельдің «Түркия мен Кеден Одағы келісімі жаңартылмасын» деген сөздеріне қатаң наразылық көрсеткен Ердоған «Қазір Германия нені сөйлесуде. Сайлау үшін Социалистік Демократия партиясы және Христиан демократтар ретінде ‘Түркияны қаншама шаршатсақ, соншама дауыс жинаймыз’ деген ұстанымға көшкен. Германиядағы азаматтарға ашық түрде айтқым келеді. Барлығы түрік дұшпаны, абайлаңыз Социалистік Демократия партиясы, Христиан демократтар партиясы және Жасылдар партиясына қолдау бермеңіз. Түркияға қарсы дұшпандық жасамағандарға қолдау беріңдер. Бұл Германияда өмір сүрген барлық азаматтарымыздың абырой күресі болып табылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар