Мәрмәр зілзаласы құрбандары еске алынды

Ялова, Коджаели және Сакарияда 1999 жылы 17 тамыз күні Мәрмәр зілзаласы құрбандары зілзала болған сағат 03:02-де еске алынды.

791816
Мәрмәр зілзаласы құрбандары еске алынды

Ялова, Коджаели және Сакарияда 1999 жылы 17 тамыз күні Мәрмәр зілзаласы құрбандары зілзала болған сағат 03:02-де еске алынды.

Яловада зілзалада құлаған кейбір ғимараттардың үйінділерінің үстіне құрылған Зілзала ескерткішіне кешкі уақыттарда келген азаматтар апатта қаза тапқандардың аттары жазылған бетон плиталарға қалампыр қойды.

Ескерткіш ішіндегі фотосурет көрмесін де аралаған азаматтардың кейбіреулері көз жасы төкті.

Түңгі уақытта қалың жұрт жиналған ескерткіштің айналасында Қалалық мүфтидік қызметкерлері дұғалармен діни өлеңдер оқыды.

Гөлджүк Каваклы жағалауындағы Зілзала ескерткіші алдында Мәрмәр зілзаласының 18-ші жылдығы аясында ұйымдастырылған еске алу бағдарламасында Құран оқылып, үнсіз құрмет көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар