Хаккариде террор ұйымының 5 нысанасы жойылды

Хаккари аймағында әскери жасақтарға шабуылға дайындалған террористтердің орны анықталды.

786039
Хаккариде террор ұйымының 5 нысанасы жойылды

Хаккариде әскери жасақтарға шабуылға дайындалғаны анықталған бөлшектеуші террор ұйымы мүшелеріне жасалған әуе шабуылында 5 нысана жойылды.

Бас Штаб Басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда Хаккари ауылдық аймағында жалғасқан операциялар аясында бөлшектеуші террор ұйымы мүшелерінің әскери жасақтарға шабуылға дайындалғаны анықталды.

Түрік әуе күштеріне тиесілі соғыс ұшақтарымен аталмыш аймаққа әуе операциясы жасалды. Операцияда террористтер қару, жабдықтау және астық қоймалары ретінде қолданған 4 үңгір мен бір бекініс жойылды.

Әуе операцияның артынан аймақта басталған іздестіру жұмыстары жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар