Мексикалық ара шаруашыларына ТИКА-дан қолдау

ТИКА ара шаруашылығы жасаған 58 жанұяны қорғану жабдықтарымен қамтамасыз етті.

785777
Мексикалық ара шаруашыларына ТИКА-дан қолдау

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) Мексиканың астанасы Мексиконың Tlapan, Xochimilco және Thahuac аудандарында ара шаруашылығы жасайтын 58 жанұяны қорғану жабдықтарымен қамтамасыз етті.

Жабдықтау құралдарының табыс етілуі үшін ұйымдастырылған рәсімге Мексико қаласы Ауылдық өркендеу және қоғамдық теңдік секретариаты (SEDEREC) жауапты министрі Rosa Icela Rodriguez Velazquez, «SEDEREC» Бас директоры Adriana Contreras және лауазымдылар қатысты.

Министр Rodriguez Velazquez жоба үшін ТИКА-ға алғысын білдірді.

Velazquez, Мексикада өткен жылы бал өндірісінің 61 мың тоннадан асқанын атап «елде ара шаруашылығымен шұғылданған шамамен 42 мың жанұяда барлығы 1,9 миллион омарта бар» деді.

ТИКА Мексика бағдарламасы координаторы Мұхаммед Үнал болса Мексикада жұмыспен қамдауға бағытталған жобаларға мән берілгенін және ауылдық аймақтарда өмір сүрген жанұялардың экономикалық тұрғыдан күшейтілуін нысанаға алғ,андарын атап мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар