Түркияны таныстыратын жаңа фильм

ТР Мәдениет және туризм министрі Түркияның байлықтарын әлемге таныстыру мақсатымен жаңа фильм түсірді.

785071
Түркияны таныстыратын жаңа фильм

ТР Мәдениет және туризм министрі Түркияның байлықтарын әлемге таныстыру мақсатымен жаңа фильм түсірді.

Түркияның жаһандық туризм акциясы "Turkey Home" аясында дайындалған "Home of Poetry"  атты фильм министрліктің әлеуметтік желідегі есептерінен жарияланды.

Фильм елдің мәдениет, өнер және әдебиет саласындағы тәжірибесін әлемге паш етуді мақсат етеді.

Ағылшын тілінде дайындалған фильм Швейцариядағы мұражай-кітапхана Abbey Library of Saint Gallen-да басталады. Фильмде кітапханада жүрген оқырман түрік поэзия антологиясын кездейсоқ кездестіреді. Кітап оқырманға балалық шағында қыдырып барған Түркия сапарын еске салады.

Аталмыш фильм 3 минут 38 секундтық жалпы таныстырумен қоса бір минуттан тұратын үш бөлек көріністен қалыптасқан.

Бұл фильм 4 айда түсіріліп, дайындалып шықты.

Түсірілімдер Стамбул, Күтахия, Бурса,  Трабзон, Анталия, Мугла және Мардин сынды 12 қалада болды.



Ұқсас жаңалықтар