Африкаға көмек 3 миллиард доллардан асты
200 студент Африкаға барады.
Вице-премьер Хакан Чавушоғлу Африкаға қамдалған көмектің 3 миллиард долларға жеткенін айтты.
Чавушоғлу: «Экономикалық, әлеуметтік, әкімшілік және мәдени көптеген салада бүгінге дейін дамуға бағытталған 20 мыңға жуық жоба жүзеге асырған Түрік Ынтымақтастық және координация басқармасының 58 ел кеңсесінің 24-і Африкада. Соңғы он жылда еліміздің осы құрлықтағы гуманитарлық көмек және техникалық ынтымақтастық жобаларымен қамдалған көмегі 3 миллиард долларға жетті. ТИКА-ның Африкадағы жоба саны жылда 400-ден асты» деді.
ТИКА, Түрік Әуе жолдары (THY), Анадолы агенттігі мен TRT ынтымақтастығында 200 университет студентінің 18 Африка еліне сапарына арналған Африка Тәжірибе жинақтау дайындық бағдарламасы Анкарада болып өтті.
Бағдарламада сөз сөйлеген вице-премьер осы жоба аясында 200 студенттің 5-30 тамыз күндері аралығында 18 Африка еліне барып, аймақта жүргізілген жобаларға қатысатынын айтты. Осылайша жастардың гуманитарлық көмек жобалары мен даму жобаларында тәжірибелері жетіліп, жергілікті және халықаралық ұйымдармен байланысы арта түседі.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.