Соңғы бір аптада 47 террорист өлтірілді

Операциялар барысында 15 террорист болса қауіпсіздік күштеріне берілді.

767714
Соңғы бір аптада 47 террорист өлтірілді

Қауіпсіздік күштерінің өткен аптадағы операцияларында 47 террорист өлтірілді, 7 террорист тірі ұсталды. Операциялар барысында 15 террорист болса қауіпсіздік күштеріне берілді.

Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеде өткен аптадағы операциялар жайлы ақпарат таратылды.

Осыған қарағанда 3-10 шілде күндері арасында бөлшектеуші террор ұйымымен күрес аясында жандармерия арнайы жасақтары, полиция арнайы жасақтары және Түрік қарулы күштеріне қарасты жасақтар тарапынан жүзеге асырылған мың 124 операцияда террор ұйымына қолдау және қамқоршылық жасағаны алға тартылған 555 күдікті тергеуге алынды.

Операциялар барысында 47 террорист өлтіріліп, 7 террорист тірі ұсталды. Террор ұйымынан қашқан 15 террорист болса қауіпсіздік күштеріне берілді.

Шетелдік террористтермен күрес аясында болса ДАИШ террор ұйымымен байланысы бар екені алға тартылған 96 күдіктіні тергеуге алған қауіпсіздік күштері Фетуллахшы террор ұйымы мемлекеттік паралелльді құрылымының (FETÖ/PDY) 520, солшыл террор ұйымдарымен байланысты 11 күдіктіні қолға түсірді.

Осыларға қоса, кибер қылмыстармен күрес аясында 459, есірткі және контрабанда операцияларында 3 мың 106 күдіктіні тергеуге алды.

Көшелердегі есірткі саудагерлеріне бағытталған 33 қаладағы операцияларда 195 күдіктіні тергеуге алған қауіпсіздік күштері 5 шілде күні ел көлемінде пилотсыз әуе аппараттары, 4 тікұшақ, 4 дрон және 85 жаттықтырған ит қолданылған операцияларда 6 мың 826 қызметкердің қатысуымен 35 мың 662 адамды тергеуден өткізді.

Қауіпсіздік күштері бұл жұмыстар барысында мың 773 кәсіп орын мен 8 мың 805 көлікті тексерді, 230 адам тергеуге алынды.



Ұқсас жаңалықтар