Катарға алғашқы жәрдем кемесі жолға шықты
Катарға кемемен 4 тонналық алғашқы азық-түлік материалдары жіберіле бастады.
757781
Катарға кемемен алғашқы азық-түлік материалдары жіберіле бастады.
Измирден Шығанақ елдерінің эмбарго жасаған Катарға шамамен 4 мың тонна азық-түлік материалы тасыған кеме порттан жолға шықты.
Өнімдерді тасымалдаған логистикалық фирманың директоры Ипек Демирджи жасаған мәлімдемеде Катардың эмбарго дағдарысы себепті құрлық жолымен азық-түлік материалдарын қамтамасыз ете алмағанын ескертті.
Фирма ретінде Катарға алдында әуе жолымен де азық-түлік материалы жібергендерін атап айтқан Демирджи әуе жолының қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз қалғаны себепті материалдарды кемемен жібере бастағандарын білдірді.
Кеменің он күннің ішінде Катардың бас қаласы Дохаға ұласуы күтіледі.