Калын Стамбулда араб журналисттерімен кездесті

Кейбір күштер Катар дағдарысы арқылы аймақта жасанды шеп қалыптастыруға ұмтылуда.

756198
Калын Стамбулда араб журналисттерімен кездесті

Кейбір күштер  Катар дағдарысы арқылы аймақта жасанды шеп қалыптастыруға ұмтылуда.

Президенттік аппаратының баспасөз хатшысы Ибрахим Калын кейбір күштердің Катар дағдарысы арқылы аймақта жасанды шеп қалыптастыруға бағытталғанын айтты.

Ибрахим Калын Стамбулда араб журналисттерімен кездесті.

Катар дағдарысының Сирия соғысы және Иракпен басталған аймақтағы бірнеше шеп қалыптастыру талпынысының нәтижелерінің бірі екенін білдірген Калын алдымен осы жасанды шептерді қабылдамау керектігін атап өтті.

Түркияның Катарда әскери жасақтары болғанына да тоқталған Калын мақсаттарының ешбір елге нашар тұғыр көрсету емес екенін, Катар мен барлық Шығанақ елдері арасында қорғаныс өнеркәсіп саласында әскери ынтымақтастық мүмкіншіліктерін арттыру болғанын баяндады.

Орташығыстың байлығына да тоқталған Калын арам ниетпен осы потенциальдың жойылуы көзделгенін айтты. 



Ұқсас жаңалықтар