Диярбакырда бір террорист қаруымен ұсталды

Диярбакырда ПКК-ға бағытталған операцияда бір террорист пен бір көлік жүргізушісі ұсталды.

748382
Диярбакырда бір террорист қаруымен ұсталды

Диярбакыр губернаторлығы жасаған мәлімдемеге қарағанда 1528 шаршы шақырымдық алаңда 28 мамыр күні сағат 22:00-да басталған және 10 мың 47 қауіпсіздік қызметкері қатысқан «Шәйіт жандармерия жүзбасы Фуат Оғузжан Ортақ жасақтар операциясы» жалғасуда.

Операция барысында бір террорист қаруымен ұсталды.

5 ауыл мен аумақтағы 52 үйде жүргізілген іздестіру жұмыстарында 3 күдікті де тергеуге алынды.

Террористтер күштеп алған және бомбалы шабуылда қолданылатыны анықталған бір көлік те қолға түсті.

Қауіпсіздік топтары 31 жерде жүргізген бақылау жұмыстарында 120 көлік пен 334 адамға тергеу жүргізілді.

Әскерлік борышынан қашып жүргені анықталған 13 адамға Әскерлік міндеті заңына сәйкес әскерге шақыру қағаздары берілген соң еркін жіберілді.



Ұқсас жаңалықтар