Түрік контейнер кемесі Ливия су айдынында 466 босқынды құтқарды

Кеме лауазымдылары 466 босқын мінген қайықтың Ливия су айдынын суға кеткен кезде байқағандарын мәлімдеді.

742851
Түрік контейнер кемесі Ливия су айдынында 466 босқынды құтқарды

Туниске бағыт алған «Roseline A» атты түрік контейнер кемесі Ливия маңында босқынмен толтырылған қайықты байқады.

Қайық енді суға кете бастағанда көпшілігі әйел мен бала босқындарға түрік қызметкерлер жәрдемдесті.

Қайықта құтқарушы көкірекшелері жоқ босқындарды түрік кемесіне мінгізді.

Кемедегі түрік аспаздар ыстық тағамдар дайындап таратқан соң түрік жалауы бар контейнер кемесі босқындарды бір күн қонақ етті.

Италияға бара жатқанда өлімнен құтқарылған босқындар түрік қызметкерлерге үлкен алғыс білдірді.

Босқындар кейін Италия теңіз күзету топтарына тапсырылды.

Кеменің үшінші капитаны Беркай Өзбек адамгершілік міндеттерін орындағандарын атап, «Ұзақ уақыттан бері теңізде екендерін байқадық. Әлі қалмаған босқындардың естерін жинауы үшін көп талпындық» деді.



Ұқсас жаңалықтар