Ислам дінінің негізі - бейбітшілік

Калын Daily Sabah газетінде жарияланған мақаласында Ислам дінінің негізінің бейбітшілік пен үйлесімділік екенін атап көрсетті.

742173
Ислам дінінің негізі - бейбітшілік

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын әлемде бұрмалаушылық пен жамандыққа сүйенетін бір жүйенің бейбітшілік алып келе алмайтынын айтты.

Калын Daily Sabah газетінде жарияланған мақаласында Ислам дінінің негізінің бейбітшілік пен үйлесімділік екенін атап көрсетті.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның соңғы бес аптада Үндістан, Ресей, Қытай, Америка Құрама Штаттары және Брюссельде кездесулер жүргізгенін еске салған Калын хаос ішіндегі халықаралық жүйеде бейбітшілік пен тәртіптің қалай болатынын қолға алғанын атап көрсетті.

Халықаралық терроризм, жаһандық жылыну, нәсілшіл қозғалыстар және Сириядағы соғысқа назар аударған Калын әлемнің болашағын уайымдайтынын айтты.

Калын әлемде бейбітшілік, тыныштық пен үйлесімділіктің жеке адамның өз ішінде басталатынын атап көрсетті.

Оның айтуынша,  «кімбіз?» және «Нені қалаймыз?» деген сұрақтарға жауап беру керек.

Ибрахим Калын әлемде үйлесімділіктің жамандық пен бұрмалаушылықтарға сүйеніп қамдалмайтынын,  тек әділет пен дұрыстықтың бейбітшілік әкелетінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар