Ағры, Шырнак және Хаккариде 5 қауіпсіздік қызметкері шәйіт болды

Операция барысында 9 террорист өлтірілді.

739465
Ағры, Шырнак және Хаккариде 5 қауіпсіздік қызметкері шәйіт болды

Ағры мен Ван қалалары арасындағы Тендүрек тауында ПКК-лық террористтер мен қауіпсіздік күштері арасында шыққан қақтығыста 3 әскер шәйіт болды.

Кеше бір топ террористтің Тендүрек тауы маңында тоқтатқан кейбір көліктерді өртеуінің артынан аймаққа қауіпсіздік күштері операция бастаған болатын.

Операцияда алғашқы мағлұматтарға қарағанда 3 әскер мен 1 қарауыл шәйіт болып, 4 әскер жарақат алды.

Операция барысында 9 террорист өлтірілді.

Хаккаридің Шемдинли ауданында жалғасқан операцияларда да 1 әскердің шәйіт болғаны білдірілді.

Қақтығыста бір террорист өлтірілді.

Жалғасқан операцияда кейбір әскерлердің де жарақат алғаны білдірілді.

Шырнактың ауылдық аймағында ПКК террор ұйымына бағытталған операцияларда 1 арнайы жасақ полиция қызметкері шәйіт болды.

Шырнактың Бейтүшшебап ауданы Като тауы аймағында жалғасқан операцияларда 2 полиция да жарақат алды.

Жаралы полициялар тікұшақпен Шырнак мемлекеттік ауруханасына жеткізілді.

Тунджели орталығына қарасты Чичекли ауылында қауіпсіздік күштері мен ПКК-лық террористтер арасында шыққан қақтығыста 3 қауіпсіздік қызметкері жеңіл жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар