Жоғары сайлау кеңесі шешім қабылдады

Жоғары сайлау кеңесі партиялардың бүкілхалықтық референдум жайлы шағымдарын қабылдамады.

716797
Жоғары сайлау кеңесі шешім қабылдады

Жоғары сайлау кеңесі (YSK) 16 сәуір күні болып өткен бүкілхалықтық референдумді қайта өткізу үшін жасалған барлық шағымдарды 10 «қарсы» дауыспен қабылдамады. 1 «қабыл» дауыс шықты.

Жоғары сайлау кеңесі Республикашыл халық партиясы, Халықтардың демократиялық партиясы және Отан партиясының Атазаң өзгерісі бойынша болып өткен бүкілхалықтық референдумнің толығымен заңсыз екені және қайталануы туралы шағымын бағалады.

Жоғары сайлау кеңесі жасаған мәлімдемеде «Бүкілхалықтық референдумнің толығымен заңсыздық жасалғаны себепті күшін жою тақырыбындағы шағымы Жоғары сайлау кеңесі жиналысында бағаланып, үш сұранысты да бөлек дауысқа салу нәтижесінде 10 мүшенің ‘қарсы’, 1 мүшенің болса ‘қабыл’ дауысымен кері қайтарылуына шешім қабылданды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар