Түркия референдум үшін барлық қауіпсіздік шараларын қабылдады

Сүлейман Сойлу Йени шафак газетінің әлеуметтік медиа есептерінен тікелей жарияланатын бағдарламаға қонақ болды.

711580
Түркия референдум үшін барлық қауіпсіздік шараларын қабылдады

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу 16 сәуір күнгі атазаңға өзгеріс енгізу туралы бүкілхалықтық референдумда Түркияның түкпір-түкпірінде дауыс беру шарттарының қамтамасыз етілетінін білдірді.

Сүлейман Сойлу Йени шафак газетінің ресми әлеуметтік медиа парақшаларынан тікелей жарияланатын бағдарламаға қонақ болды.

Бүкілхалықтық референдум алдында қабылданған қауіпсіздік шараларын түсіндірген Сойлу тікелей эфирде қойылған сұрақтарға жауап қайтарды.

16 сәуір күні атазаң өзгерісі қабылданған жағдайда барлық төңкеріс әрекеттерінің алдын алынатынын атап көрсеткен Сойлу сайлауға үміткерлік жасының 18-ге шегерілуінің, келешек ғасырларда Түркияны басқа елдерден мықты қылатынын атап айтты.

Террормен күрес тақырыбына тоқталған Сойлу 7 айдың ішінде 158 террор әрекетінің алдын алғандарын, әсіресе бөлшектеуші террор ұйымы ПКК мен Фетуллахшы террор ұйымының әлеуметтік медианы лаңкестік құралына айналдырғанына назар аударды.

Бүкілхалықтық референдумда сандық қауіпсіздігін қамтамасыз еткендерін тілге тиек еткен ішкі істер министрі «Барлық шараларды қабылдадық. Жаппай сайлауға дайынбыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар