Түркия Асад режимінің химиялық қару шабуылын айыптады

Түркия қырғын жасаған Асад режиміне наразылық үшін халықаралық қоғамға шақыру тастады.

705935
Түркия Асад режимінің химиялық қару шабуылын айыптады
suriyee.jpg

Түркия Сирияда Асад режимінің Идлибке жасаған химиялық қарулы шабуылын айыптап, халықаралық мекемелердің мұндай шабуылдарды дереу тоқтатуы керектігін білдірді.

Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде «Сирияның Идлиб қаласына қарасты Хан Шейхун аймағына режим күштері жасаған және көпшілігі бала ондаған жазықсыз адамның қаза табуына себеп болған шабуылды қатаң түрде айыптаймыз» делінді.

Хан Шейхунан келген бейне таспалар мен ақпараттың Асад режимінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2118 және 2209 нөмірлі шешіміне ашық түрде қарама-қайшы болған химиялық қару шабуылдарының жалғасқанына назар аударылды.

Мәлімдемеде «Халықаралық қоғамның бұл шабуылдарға қарсы наразылығын ортаға қоюын, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымнан бастап, халықаралық мекемелердің ұқсас оқиғалармен бірге дереу тергелуін талап етеміз. Сирия режиміне қарсы ықпалды тараптарды атысты тоқтату бітімі мен толығымен жазықсыз адамдарды нысанаға алатын аяусыз шабуылдардың дереу тоқтату үшін жауапкершіліктерін орындауға шақырамыз» делінді.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын болса Сириядағы химиялық шабуылдың соғыс қылмысы және адамзаттық қылмыс аясында бағалау керектігін меңзеді.

Шабуылды ең қатаң түрде айыптағандарын білдірген Калын әдетке айналған бұл шабуылдардың Түркияның Сирия дағдарысы басталған күннен бері ортаға қойған ұстанымының қаншалықты орынды екенін ашық түрде дәлелдегенін атап көрсетті.

Еуроодақ министрі және бас келіссөз жүргізуші Өмер Челик болса тақырыппен байланысты Twitter парақшасынан жасаған мәлімдемеде «Сирияда тек қана адам емес, адамзат қырылуда. Қырғынды тоқтату үшін қанша сириялық баланың қаза табуы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар