Еуропа парламенті «Daily Sabah» газетін таратуға тыйым салды

Әділет министрі Бекир Боздағ әлеуметтік медиа арқылы тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

698257
Еуропа парламенті «Daily Sabah» газетін таратуға тыйым салды

Әділет министрі Бекир Боздағ «Daily Sabah» газетінің Еуропа Парламентінде таратылуына тыйым салынуының баспасөз және сөз еркіндігі құқығының бұзылуы деген мағынаға келгенін білдірді.

Бекир Боздағ әлеуметтік медиа арқылы тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

Әділет министрі «Еуропа парламенті төрағасының бұл заңсыз шешімі және фашист әрекеті, баспасөз және сөз еркіндігінің және Еуроодақ құндылықтарының жойылуы деген мағынаны білдіреді» деді.

Боздағ Түркияны баспасөз және сөз еркіндігі тақырыбында орынсыз түрде айыптайтын Еуропа Парламентінің «Daily Sabah» газетінің хабар мен пайымдарына шыдамдылығы жоқ екенін көрсеткенін атап айтты.

Еуропада баспасөз және сөз еркіндігінің тек қана Түркияға жала жапқандарға үшін қолданылғанын, дегенмен Еуропаны сынға алғандарды қамтымағанын білдірген Боздағ «Бұл шешім Еуропа парламентінің нашар жүзін көрсетеді. Бұл нашар жүзді айыптаймын. Еуропа парламентін баспасөз және сөз еркіндігін құрметтеуге шақырамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар