Түркия Голландияны қатаң түрде айыптады

Түркия бөлшектеуші ПКК террор ұйымының Голландиядағы шеруіне рұқсат берілуіне қатаң наразылық көрсетті.

696432
Түркия Голландияны қатаң түрде айыптады

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда «Террор ұйымы жақтаушыларының шеруіне рұқсат беру Голландияның соңғы кездердегі елімізге бағытталған бір жақты дұшпандық ұстанымын жалғастырудағы табандылығын көрсетеді» делінді.

Голландияның түрік министрлерге бағытталған ұстанымына да назар аударған мәлімдемеде «Елінде өмір сүрген түрік қоғамының түрік лауазымдыларымен басқосуына кедергі жасап, дипломатиялық және консулдық ынтымақтастығын реттейтін келісімді бұзатын сөз және жиналу еркіндігін шектеген Голландияның террор ұйымының елімізде өтетін бүкілхалықтық референдуммен байланысты ұран тастауы және шерулерге рұқсат етілуін қабылдамаймыз. Бұл ұстаным елімізге бағытталған қос стандартты шаралардың жаңа бір үлгісі болуына қоса, аталмыш елдің жаһандық құндылықтарды шатастыратын жұмыстары тұрғысынан да ғибраттық болып табылады» деді.

ПКК террор ұйымы жақтаушылары Голландияның Гаага қаласында «Наурыз мерекесі» атымен террорист басының фотосуреттері мен ұйымның символдары бар маталармен шеруге шыққан болатын.



Ұқсас жаңалықтар