Түркия Халықаралық қылмыстық соты қабылдаған шешімды орындамайды

Түркия Халықаралық қылмыстық сотының "Сефа Акайды еркін жіберу" тапсырмасын орындамайды.

695663
Түркия Халықаралық қылмыстық соты қабылдаған шешімды орындамайды

Түркия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жіберген хатта Халықаралық қылмыстық сотының Фетуллахшы террор ұйымына бағытталған тергеу аясында тұтқындалған БҰҰ төрешісі Сефа Акайды еркін жіберу тапсырмасын беріп, Түркияның тәуелсіз сот шешіміне араласуының қызмет танымынан асқанын және бұл шешімнің «үкімсіз» екенін жариялады.

Түркияның БҰҰ Тұрақты елшісі Феридун Синирлиоғлу Халықаралық қылмыстық сотының «Акай жайлы барлық заңдық жұмыстардың тоқтатылып, тез арада еркін жіберілуі» тапсырмасына БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жолдаған хатпен жауап қайтарды.

Хатта құқықтың үстемдігі және халықаралық кепілдемелерге үлкен мән берген бір ел ретінде Түркияның Акайдың тұтқындалуымен байланысты «бұрмалауларға» түсініктеме келтіргісі келгенін атап көрсеткен Синирлиоғлу бұл тұлғаның 15 шілде төңкеріс әрекетінің жоспарлаушысы ФЕТӨ-нің мүшесі екені қауесеттері себепті тұтқындалғанына назар аударды.

Акай жайлы айыптаулардың Халықаралық қылмыстық сотындағы міндетімен байланысты емес екенін атап көрсеткен Синирлиоғлу оның БҰҰ міндетінен тыс жұмыстарының қолсұғылмау құқығына кірмегенін және Түрік қылмыстық заңына қарағанда Түркияда жасалған қылмыстар себепті жаза беріле алатынын білдірді.

Синирлиоғлу Түркияны Акай қараған Руандадағы соғыс қылмыстары сот процесін кешіктірумен айыптаған Халықаралық қылмыстық соты механизмінің Түркияға «Акайға қарсы ашылған барлық заңды жұмыстарды тоқтату және тез арада еркін жіберу» сияқты бір тапсырма беру жауапкершілігі жоқ екенін атап көрсетті.

Халықаралық қылмыстық сотының Акайды еркін жіберу тапсырмасын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне апарып, жауапкершілігінен асқанын атап көрсеткен Синирлиоғлу Түркияның тәуелсіз сотына «ашық және уайым туғызатындай араласқанын» білдірді.

Түркияның «жауапкершілігін теріске қолданған бір механизмнің» тапсырмасын орындамайтынын жеткізген Синирлиоғлу аталмыш тапсырманың «үкімсіз» және «күші жоқ» екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар