Президент  Наурыз мерекесіне байланысты құттықтау жариялады

Президент Ердоған «Наурыздың «қайтадан тірілу» рухына берік болуымыз керек» деді.

695239
Президент  Наурыз мерекесіне байланысты құттықтау жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған дүние жүзінің қайғылы күндерде екенін білдіріп: «Наурыздың «қайтадан тірілу» рухына берік болуымыз керек» деді.

Президент  Наурыз мерекесіне байланысты құттықтау жариялады.

Ердоған құттықтауында Наурыздың ауқымды кеңістікте бауырластық пен достықтың мерекесі екенін еске салып,  өңір мен әлем бейбітшілігі үшін тұрақтылық әкелуін тіледі.

Президент Ердоған сондай-ақ демократия, құқық,  еркіндік, кішіпейілдік сынды ұғымдарды осы құндылықтарды жүйеге келтіргендер аяққа таптаған қайғылы күндер өткізіп отырғандарына назар аударды. «Өркениет және мәдениет қойнауымызды қиратуға тырысқандарға қарсы күресте өз тарихымыз бен дәстүрімізден келетін күш-қуатпен жеңіске жетеміз» деді ол.

Түрік президент әлемдегі барша езілген халықтар үшін құтты болашақтың символы болатын Наурыз алауының Анадолыдан бастау алатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар