«Фашизмнің рухы Еуропа көшелерінде қыдыруда»

Президент Ердоған Еуроодақтың енді ешкімге демократия, еркіндік, әділет сабағы беру құқы қалмағанын атап көрсетті.

692219
«Фашизмнің рухы Еуропа көшелерінде қыдыруда»

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуроодақтың енді ешкімге демократия, еркіндік, әділет сабағы беру құқы қалмағанын атап көрсетті.

Президент Ердоған «Фашизмнің рухы Еуропа көшелерінде қыдыруда» деді.

Президент Ердоған Афионкарахисар Республика алаңында ұйымдастырылған топтық ашылу рәсіміне қатысып, азаматтарға үн қатты.

Голландияның бүгін сандыққа жүгінгенін атап көрсеткен Ердоған «Бұлардың өркениетпен байланысы жоқ. Бұлардың замандас әлемге қатысы жоқ. Бұлар Босния-Герцеговинада Сребреница қырғыны кезінде 8 мыңнан астам босниялық мұсылманды қырды» деді.

Стамбұл мен Роттердамның «бауырлас қала» аталғанын атап көрсеткен Ердоған «Роттердам қала әкімі Стамбұлмен де бауырлас қала екен. Кеше кешкі уақытта премьер-министрімізге айттым ‘Тез арада Стамбұл қала әкімімізге айтыңыз, бір жақты осылармен бауырластық келісімімізді бұзсын’. Әйтпесе біздің мұндай адамдармен бауырлас қала балуымыз мүмкін емес» деді.

Еуропаның өзінен болмаған әр нәрсеге сескенгенін атап айтқан Ердоған «Еуропа өз қорқуларына батып қылқына бастады. Түрік қорқуы жаулап алған. Ислам қорқуы тараған. Ешбір нәрселері қалмағаны себепті тіршіліктерін жалғастыру үшін өзін паналаған босқындардан қорқуда. Өздерінде жоқ әр нәрсе оларды сескендіруде. Өздерінен шықпаған әр нәрседен қорқып, оған дұшпан болуда» деді.

Еуроодақтың Түркияға қарсы ұстанымын да сынға алған Ердоған «Елімізге қарсы ұстанымдарымен Еуроодақтың да ішін босатты. Міне Ұлыбритания, Еуроодақтан шыға ма? ‘Brexit’ деп аталатын оқиғамен бүкілхалықтық референдум өткізіп, шығуға шешім қабылдады. Бұлан кейін енді не Еуроодақ, не болмаса кезкелген бір Еуропа мемлекетінің ешкімге демократия, әділет, құқық сабағы беру хақы жоқ» деді.



Ұқсас жаңалықтар